Вайнер Мейіржан Төребаев үйқамаққа шығарылды

Вайнер Мейіржан Төребаев тергеу изоляторынан босатылып, үйқамаққа шығарылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының шешімі осындай. Еске сала кеткен жөн, айыпталушы биыл сәуір айында «Мудараба Кэпитал» қаржы пирамидасына қатысы бар деп күдікке алынған еді. Ол және саладағы әріптестері алаяқтыққа қатысы бар ұйымның жарнамасына түскен. Осы іс бойынша вайнер Мейірхан Шерниязов пен басқа да қатысушылар ұсталған болатын. Соңғылары әлі күнге дейін тергеу изоляторында отыр. Тағы екі фигурант Әділет Ораз бен Әзизжан Саидбаевқа халықаралық іздеу жарияланды. Аталған іс бойынша алдын ала тыңдау аяқталды. Сот отырысы 9-шы қаңтар күні басталады.