Кезекке тұрғанның барлығы көлік алады – Министр

Жеңілдетілген автонесие бағдарламасы бойынша кезекке тұрғанның бәріне көлік жетеді.

Мұны үкімет үйінде индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтты. Аталған бағдарламаға бұрын 100 млрд теңге бөлінген. Енді мұндай қаражат бағытталмайды. Бірінші кезеңде 15 мың адам кезекке тұрған. Оның 13 мыңы көлік алды. Қосымша 16 мың азамат темір тұлпар алуға өтініш берген. Министр «бәрі әділ өтуі керек, кім бірінші өтініш жазды соған көлік беру қажет» деді.