Ақтөбеде шағын мұз айдындары пайда болды

Ақтөбенің мектеп аулаларында шағын мұз айдындары салынып жатыр.

Балалардың демалысын тиімді өткізуге арналған алаңдар қазір 8 білім ұясында бар. Кейбірін жасақтауға кәсіпкерлер де көмектескен. Мұз айдындары мектептерге жақын орналасқан үй тұрғындары үшін де тегін қызмет етеді. Коньки тебу және хоккей ойнауға да рұқсат. Білім ұяларының кейбірі қыс бойы бірқатар жарыстар өткізуді жоспарлап отыр.

Айта кеткен жөн, Ақтөбеде биыл да Жаңажылдық безендірулер үшін бюджеттен қаржы бөлінген жоқ.

Гүлназ Мырзағалиева, қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары:

- Мұз айдындарға барып балалар өздерінің бос уақыттарын өткізіп,  коньки теуіп, таза ауада серуендеуіне мүмкіндіктері бар. Бұның барлығы енді балалар үшін жасалып жатқан жағдай. Қазіргі таңда енді бірнешеуі уже жұмысын бастап кетті. Бірнешеуі құюлу үстінде әлі.