Елімізде 2 млн жуық адамның жалақысы көбеюі мүмкін

Елімізде 2 млн жуық адамның жалақысы көбеюі мүмкін

Бүгіннен бастап ең төменгі жалақы мөлшері 70 мың теңгеге дейін өседі.

Осыған байланысты елде 2 млнға жуық қазақстандықтың айлығы көбеюі мүмкін. Сондай-ақ дәрігер, мұғалім және өзге де бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысы кезең-кезеңмен артады. Зейнетақы және жәрдемақының көлемі де көбейеді. Бұған 4,6 трлн теңге бөлінді. Жастардың кәсібін несиелендіру де қарқын алады. Жылдық сыйақы көлемі 2,5%-дан аспайтын, 5 млн теңгеге дейінгі несие беріледі. Жалпы бұл жобаға 2023 жылы 28 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған, бұл 5,7 мыңнан астам жастарды қамтуға мүмкіндік береді. Одан бөлек, бизнесті тексеру азаяды.