Жамбыл облысында 60 көлік қарға батып қалды

Ақтүтек боран Жамбыл облысының тұрғындарын да әбігерге салды.

Сарысу ауданында 60 көлік қар құрсауында қалып қойды. Бұл туралы жергілікті әкімдік өкілдері хабарлап отыр. Құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Аудандағы 29 мектепте орналасқан жылыту бекеттеріне  жолда қалған 300-ге жуық адам, оның ішінде 65 бала орналастырылды. Кейін 129 адам Шымкентке, 95-і Таразға жөнелтілді. Қазір жылыту пунктін 30 адам паналап отыр.  Ал Сарысу ауданының Жаңатас қаласында төтенше жағдай енгізілді. Бүтін бір шаһар боранның салдарынан жарықсыз, жылусыз қалған. Болжам бойынша қалыпқа келтіру жұмыстары бүгін таңда басталу керек.