Қаратауда қатты желден зиян келген нысандарды жөндеу басталды

Қаратау қаласында қатты желден зардап шеккен 8 көп қабатты үй мен қалалық әкімдік ғимаратының шатырын жөндеу бойынша жұмыстары басталды. 

Бір мердігер компания өз жұмысына кірісіп кетсе, бүгін тағы 6 мердігермен жиын өтеді. Қазіргі кезде 4 бригада электр желілерін қалпына келтіріп жатыр. Жылу көзі болып табылатын «Игілік» қазандығы штаттық режимде жұмыс істеп, шаһар тұрғындарын жылумен қамтамасыз етуде.