Екібастұздық мыңнан астам бала шипажайда демалады

Екібастұздық мыңнан астам бала қысқы демалысын Алматы мен Семей қалаларының және Алматы, Түркістан, Павлодар, Ақмола облыстарының шипажайларында өткізуде, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы «Аманат» партиясының Павлодар облыстық филиалы төрағасы Илья Теренченко мәлімдеді.

Еске салсақ, Екібастұздағы төтенше жағдай кезінде аталмыш партияның волонтерлері қала тұрғындарына көмек беруге атсалысты. Яғни балаларды қуантуға арналған игі шара да – дәл осы «Аманаттықтардың» мұрындық болуымен жүзеге аспақ.

Айта кету керек, бүгінде Түркістан облысының Төлеби ауданында орналасқан «Бәйшешек» демалыс орнына 50 бала келіп, демалуда.