Шымкентте жылу қазандықтары жаңартылады

Биыл Шымкенттегі жылу энерго орталығы күрделі жөндеуден өтеді.

Жоспар бойынша қазандық пен құбырлар былтыр жаңғыртылуы тиіс еді.  Алайда геосаяси ахуалға байланысты Ресейден жабдықтар кеш жеткен.  Соған қарамастан шаһарды ыстық сумен қамтуға алдын-ала дайындық жүргізіліп, тексеру мен сынақ жұмыстары сәтті өткен. «Биыл орталықты жаңғыртуға бағытталған жоба кестеге сай жүзеге асса, мекеменің техникалық мүмкіндігі жақсарып, қуаты артады», - дейді жауаптылар. Кәсіпорын жұмысымен Парламент Сенаты депуттары танысып қайтты.

Айгүл Қапбарова, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Жылу орталығының жағдайын көрдік. Қазіргі таңда қалада 2 мыңға жуық үйді қамтамасыз етіп отыр. Басқа да үлкен проблема жоқ. Бірақ әрине енді модернизациялауды қажет етеді. Жаңартуды қажет етеді. Одан кейін бұларда газ мәселесі де бар. Газды қымбат бағаға аламыз деп отыр. Қазір жеке инвестиция есебінен өздері жоба жасап жатыр жаңарту мәселелері бойынша.