Еліміздің басым бөлігінде қарлы бұрқасын жалғасады

Еліміздің басым бөлігінде қарлы бұрқасын бүгін де күні бойы жалғасады. Бұл туралы "Қазгидромет" мамандары хабарлады.

Әсіресе Астана қаласы, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Абай, Қарағанды, Ұлытау, Маңғыстау облыстарында тұман, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы секундына 15-20  метрге жетеді деген болжам бар. Мамандар халықты алыс жолға шықпауға шақырады.