Алматы облысы ПД экс-басшысының соты басталды

Алматы облысында полиция департаментінің бұрынғы бастығы Серік Күдебаевқа қатысты сот басталды.

Бұл туралы Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады. Алғашқы сот отырысы офлайн форматта өтті. Былтыр қызметінен кеткен Серік Күдебаев қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылған болатын. Оған "қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде өзіне сеніп тапсырған департаментті тастап кетті" деген айып тағылған еді. Бүгін Мәжіліс отырысында Бас прокурор Берік Асылов үш өңірдің Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменттерінің экс – басшылары, Алматы облыстық полиция департаментінің бастығы және өзге де тұлғаларға қатысты қылмыстық істердің сотқа жолданғанын мәлімдеді.