Елордадағы соборда рождестволық литургия жалғасып жатыр

Православ христиандары дәстүр бойынша бүгінгі мерекені рождестволық ғибадатпен бастады.

Діни рәсім қаңтардың 6-сынан 7-сіне қараған түні барлық шіркеуде өткізілді. Мерекелік литургия қазір елордадағы Қасиетті Успен кафедралды соборында жалғасып жатыр. Шіркеуге келушілер қазір таңертеңгі ғибадатқа кіріскен. Ол түске дейін болады. Одан кейін де шіркеу есігі ғибадат етушілерге ашық.