Ақтөбе облысы Көптоғай ауылының көшелерін су басып жатыр

Бұл туралы жергілікті тұрғындар әлеуметтік желіге жазды. Елді мекен Ойыл ауданына қарайды. Белгілі болғандай, соңғы 2 күнде ауылдық округ аумағында қар мен жаңбыр жауған. Нәтижесінде еріген қар суы Көптоғай көшелерімен аққан. Тұрғындар тіпті елді мекен жанындағы бір көпірдің бұзылғанын түсіріп алыпты. Ал су басу қаупін болдырмау үшін волонтерлер мен арнайы техника жұмылдырылған көрінеді. Анықталғандай, мәселені облыс және аудан басшылығы бақылауда ұстап отыр. Қазір судың беті қайтып, жағдай тұрақталған. Әрі үйлерге су кірмеген көрінеді.