Маңғыстау облысында «Сергек» бейнебақылау камералары орнатыла бастады

Сәуір айында 1138 қырағы камера іске қосылады. Жоба құны 6 млрд теңгені құрап отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Сергек» камералары алдымен Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданының жолдарына, қиылыстарға, алаңдар мен теміржол өткелдерінде орнатылмақ. Бұл арқылы тәртіп сақшылары кез келген заң бұзушылықты анықтай алады. Сондай-ақ бейнежазбалар 1 ай бойы сақталады. Қырағы камералар арқылы өндірілген қаражат жергілікті бюджетке түседі.

Аслан Хадим, облыстық цифрлық технологиялар басқармасы басшысының м.а.:

- Қазіргі таңда Ақтау қаласына 95 нүктесіне 380 камера орнату жұмыстары жүргізіледі. Одан кейін Мұнайлы ауданының 35 нүктесіне 140 камера қондырылады. Одан бөлек, қоғамдық қауіпсіздік үшін Ақтау қаласына 100 бейнебақылау камерасы қондырылады. Мұнайлы ауданына 300. Одан бөлек, 2 камераны теміржол өткелдеріне қондырамыз.