Алматы облысында ірі есірткі зертханасы жойылды

Алматы облысында ірі есірткі зертханасы анықталды.

Ал оның өндірісін жолға қойған күдікті ұсталды. Арнайы операция Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бірлесуімен өтті. Зертхананы тінту барысында 30 килограмм «мефедрон» психотроптық заты мен есірткі өндіруге арналған бір тоннадан астам «химиялық реактивтер» тәркіленді. Қазіргі таңда аталмыш зертхана жойылды. Және бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Сондай-ақ күдіктінің сыбайластарын анықтау бойынша тергеу шаралары жүргізілуде.

Бақытжан Әмірханов, ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті басқармасының бастығы:

- Қазіргі таңда есірткі зертханасы жойылды. Сондай-ақ Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.