Сырдария тасуы мүмкін бе?

Тасығанда да 34 мың тұрғын қоныстанған 22 елді мекенді су шайып кетуі әбден мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өйткені осы өзен құятын «Шардара» су қоймасы кемеріне келмесе де, жартылай толған. Қазір тәулігіне орташа есеппен 42 млн текше метр су жиналады. Бұл көктемде тасқын тудыратыны айтпаса да белгілі. Мамандар осыған «Үкімет тезірек назарын аударуы қажет» деп алаңдайды. Облыс әкімі тиісті сараптау жүргізіп, қауіптің алдын алуды тапсырды. Мамандар Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне наурыз айына дейін «Шардара» су қоймасының толуын 70 пайыздан асырмау және «Көксарай» су қоймасына су толтырмау бойынша ұсыныс хат жолдаған. Әрі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен апаттық жағдайдың алдын алу үшін Үкімет деңгейінде штаб құру керектігін айтады. Бастысы, Шардара су қоймасының жанынан апатты су қашыртқысын салу керек деген бастама көтеріп отыр.

Махамбет Жазықбаев, "Қазгидромет" РМК Түркістан облысы бойынша филиалының басшысы:

- Шардара былтырғы жылы осы уақытта 2 млрд 200-ге жуық болған. Қазір былтырғы осы күнмен салыстырғанда 100% артық болып отыр. Сондықтан қазір, меніңше, сол Қызылорда облысына қарай біртіндеп-біртіндеп су деңгейін тастауды көтеру керек сияқты