Астанаға қонуы тиіс әуе рейстері кешікті

Бүгін таңертең Астана халықаралық әуежайына қонуы тиіс 14 рейс, ал ұшуға 9 рейс кешіктірілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Штаттық режимде жұмыс істейтінін хабарлаған әуежай мұның себебін ұшақтардың кеш келуімен түсіндірді. Қазір ұшу-қону жолағы қардан үздіксіз тазартылып жатыр. Қажет ақпаратты әуе компаниялардың call-орталықтары мен әуежайлардың анықтамалық орталықтарынан білуге болады.