Жердің озон қабаты 2060 жылға таяу қалыпқа келеді – БҰҰ

Жердің озон қабаты 2060 жылға таяу қалыпқа келеді – БҰҰ

Жердің озон қабаты 2060 жылға дейін қалпына келуі мүмкін.

Біріккен Ұлттар ұйымының Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасы ғаламшардың жай-күйі туралы есеп жариялады. Баяндамаға сәйкес, қазіргі саясатты сақтаған жағдайда, озон қабаты шамамен 2066 жылға қарай Антарктикада, 2045 жылға қарай Арктикада және 2040 жылға қарай әлемнің қалған аймақтарында 1980 жылғы қалпына оралады. Айта кетерлігі, озон қабатының ретке келуі жаһандық климатта да оң өзгерістерге әкеледі.