Қарағанды облысында өзен суының деңгейі жоғары болып тұр

Қарағанды облысында өзен суының деңгейі жоғары болып тұр

Қарағанды өңірнде де өзендегі судың көлемі қалыпты деңгейден жоғары.

Ал жердің тоңы қазірдің өзінде жарты метрден асты. Егер көктемде мұз күрт ерісе су жерге сіңіп үлгермейді. Мұның соңы мал-жанға қауіп. Осыны ескеріп, тасқанға қарсы күреске 3 млрд теңге бөлінді. Бұл былтырғыдан 1,5 есе көп. Жалпы Қарағанды өңірінде су жүрсе 170-тен астам елді мекенге қауіп бар. Олардың маңына арнайы бөгеттер салған. Дегенмен, Нұраның бойында отырған елге қауіп көп. Сондықтан мамандар осы маңайды назарда ұстап отыр.    

Мұрат Қатпанов, облыстық ТЖД басшысы:

- Бәрі ауа райына байланысты болады. Бұл ұзақмерзімді ауа райы дейді қазіргі. Ақпан айынан бастап бұлар бізге апта сайын ауа райын жіберіп отырады. Нұра өзені бойында және Ғабиден Мустафин елді мекені басынан бастап Самарқан өзені құйылатын жерге дейін тазартылған болатын. Ол да елдімекендер аталған маусымды қауіпсіз өткеруіне үлкен әсер береді.