Атырау мұнай өңдеу зауытының жұмысы қалпына келтірілді

Каталитикалық крекинг қондырғысы мен оған қатысты технологиялық нысандар іске қосылып, бүгін мұнай өнімдерін шығару көлемі артты, деп хабарлайды «Хабар 24».

10 қаңтар күні барлығы 1624 тонна сұйылтылған көмірсутек газы Ақтөбе, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарына жөнелтілді. Қазір «Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі» ЖШС-да газды сақтайтын орындар босаған. Сол себепті зауыт қалыпты жұмыс режиміне көшті. Мұнай өнімдерін жанармай бекеттер желісіне тиеп жөнелту өндірістік жоспарға сәйкес тұрақты түрде жүріп жатыр.