Талдықорғанда 140 мың шаршы метр тұрғын үй салынуда

Жетісу облысының орталығы Талдықорғанда қазір 40 шақты көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр.

Алтауы биыл пайдалануға беріледі. Соның арқасында 275 отбасы баспаналы болып, қоныс тойын тойлайды. Қала бойынша 15 мыңдай адам пәтер кезегінде тұр. Сондай-ақ апатты жағдайдағы 15 үйдің төртеуінің тұрғындарына жергілікті билік өткен жылы реновация бағдарламасымен пәтер алып берді. Осылайша Кивилев көшесіндегі апатты үйлерде тұрып жатқан 32 отбасы қауіпсіз жерге көшірілді. Бұл игілікті іс биыл қалған 11 апатты үйдің тұрғындарын, яғни, әбден ескіріп, тозығы жеткен баспанасында амалсыз күнелтіп жатқан 82 отбасын қамтиды. Бұл мақсатқа жергілікті қазынадан 1.2 млрд теңге бөлінеді.

Оразхан Етекбаева, қала тұрғыны:

- Біздің басты қорқынышымыз ана төбеміз түсіп келе жатты үстіңгі этаждағы. Сол ана кісілер жүрсе свет өшіп қалады. Паровой болмай тұрғанның алдында әр үйде пеш болған. Пешті жағатын болсақ әрбір үйдің түтіні шығып тұратын. Сондай қорқынышта болдық. Үш бөлмелі үй алдық. Қазір үйіміз жарқырап тұр, міне, жақсы. Көңілімізден шығып тұр. Рахмет! Алғысымыз шексіз!

Әсет Масабаев, қала әкімі:

- Одан бөлек 25 мың шаршы метр бизнес тарапынан салынатын болады және 7 үй бұл жердегі бізде 25-27 мың шаршы метрді «Самұрық-Қазына» салатын болса, СКЛ. яғни, бізде биыл жоспарлап отырған тұрғын үй құрылысы 140-160 мың шаршы метр. Енді бұл жерде жаңағы 100 мың шаршы метрден асатын біз өзіміздің міндетімізді толық орындап шығамыз.