Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің мамандарымен комплаенс-қызметкерлердің қыр-сыры түсіндірілді

Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің мамандары жемқорлыққа жол бермеу және алдын алу бойынша дәріс өткізді.

Атап айтқанда, комплаенс-қызметкерлердің қыр сыры түсіндірілді. Қатысушылар әртүрлі тараптармен келісімшарт жасау кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау тәжірибесімен танысты. Заңға сәйкес сәуір айына дейін комплаенс-қызметкерлердің жұмысы туралы ереже әзірленуі керек. 

Нұрсұлтан Бекенов, облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары:

- Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдер картасы бар. Онда негізгі үш сала анықталған. Ол - білім саласы, денсаулық саласы, және жер қатынастары. Бұл салаларда біраз тәуекелдер бар. Енді оны болдырмау мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар, шектеулер бар. Соны қалай қабылдау керек, оны қалай сақтау керек, сол туралы бүгінгі дәрісте айтылған болатын.