Елде автокөлік сатылымы өсті

Былтыр елімізде жаңа автокөлік сатылымы 5,3% өсті. Яғни 12 айда Қазақстан бойынша 123 мың 800 темір тұлпар сатылған.

Салондарға әкелінген отандық көлік түрлері де көбейді. Автокомпанияларының арасында Шевроле мен Хёнде көш бастап тұр. Алғашқы бестікке Киа, Тойота мен Лада маркалары  кірді. Ал әлемдік нарықта жағдай мүлде өзгеше. Шетелдегі сатылымдар 2021-ші жылдың деңгейіне де жете алмады. Барлығы 91 млн жаңа темір тұлпар ғана иесін тапты. Салада көш бастайтын Қытай елінің өзінде өсім тек 4,4% болды. Мұндағы дилерлер 26,6 млн авто сатқан. АҚШ-тағы сатылым 7,8, ал Батыс Еуропада 6,2% төмендеді. Ең төменгі көрсеткіш Шығыс Еуропада тіркелді. Көрші Ресей елінде де жағдай мәз емес. Сатылымдар 1 жылда 60% азайған.