Өскеменде жарылғыш зат бар деген 26 мектеп тексерілуде. LIVE

Өскеменде 26 мектепке жарылғыш зат қойылды деген ақпарат түсті. Қазір білім ошақтары тексеріс үшін қоршалды. Оқушылар мен мұғалімдер қауіпсіз жерге шығарылды.

Бұл суыт хабарлама Өскемендегі мектептерді аяғынан тік тұрғызды деуге болады. Шаһарда 50 шақты мектеп болса соның 26-сы бүгін әбден әбігерге түсті.

Медет Бердімұратов, ШҚО ПД бастығының орынбасары:

- Тексеру ұзаққа созылады. Өйткені мектеп көп. Әртүрлі аумақта. Біз түнге дейін жұм істейміз қандай жаза соны айтады.

Бүгін келіп түскен хабарламалардың бәрі электронды форматта келген. Яғни мектеп сайттарына түскен. Сәйкесінше директорлар бірден күштік құрылымға мәлімет беріпті.

Айта кетейін,  жалпы жыл басынан бері алты рет жарылғыш зат қойылды деген жалған ақпарат тіркелген.