Астанада бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті

«Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алған айти мамандарға сұраныс жоғары. Бүгін салалық компаниялар арнайы жәрмеңкеде стипендиаттарға бос жұмыс орындарын ұсынды.

Осы іс-шара аясында бағдарлама жетекшілері Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен меморандумға қол қойды. Бұл құжаттың арқасында жас мамандар ведомство мен оған еншілес компаниялардан жұмыс таба алады.  Осы уақытқа дейін "Болашақ" бағдарламасы 280 жұмыс берушімен ынтымақтастық орнатып үлгерген.

Естеріңізге салайық, Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Болашақ» стипендиясын қайта бағдарлау процесі іске қосылды. Енді инженерлік-техникалық кадрларды даярлауға басымдық беріледі. Биылдан бастап олар бағдарлама конкурсына жеңілдетілген шарттармен қатысып, бір жылдық тіл дайындығынан өтеді.

Әнуар Жанғозин, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ басқарма төрағасы:

- Цифрлық даму министрлігімен меморандумға қол қойып, серіктес ретінде жұмыс бастаймыз. Болашақ бағдарлама бойынша түлектерге қосымша мүмкіндіктер болады. Айта саласына басымдық беріледі.

Дархан Марал, жұмыс беруші:

- Жас түлектерге қызық болады. Біздің мекеме ғарыш саласымен айналысады. Қазақстанда екі ғарыш аппараты бар. Жер кешендерін бақылап отырамыз. Бізге керекті мамандар сервер басқаратын адамдар. Майкрософт, Оракл сияқты. Ағылшын тілін жақсы білу керек.