Ақтөбе облысы «Абаттандырылған ауыл» жобасын жүзеге асыруды бастады

Ақтөбе облысы «абаттандырылған ауыл» жобасын бастады. Осының аясында 12 елді мекенді көркейтеді.

Бірінде жол жөнделіп, енді бір ауылда көпір салынады. Әлеуметтік саланы дамытуға көңіл бөлінеді.  Мақсат осы тұста бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру. Яғни тек мемлекетке иек арта бермей, демеушілер тартып ауылды көркейтуге күш салу. Қазірдің өзінде Қобда және Мәртөк ауданында жүздеген миллион теңгенің жұмысы атқарылатыны белгілі болды. Оның ішінде Елек өзенінің үстінен жүретн көпір, балалардың ойын алаңдары бар. Жоспар бойынша биылдыққа 27 мың тұрғын соы жобаның игілігін көреді деген үміт бар. 

Алмат Махай, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бөлім басшысы:

- Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін дамыту аясында облыстағы ірі және орта кәсіпорындарды осы  жобаға тарту көзделеді. Түрлі-түрлі инфрақұрылымдық деңгейдегі жобалар жүзеге асатын болады. Ауыл тұрғындары да өзіндік міндеттемелерді өз мойындарына алады. Мысалыға көшет отырғызу, сенбіліктер ұйымдастыру болмаса  аулаларды жинастыру, сырлау, әктеу жұмыстарын бірге жүзеге асырады.