Алматы облысында ауылға жұмысқа тұрғандар баспаналы болды

Алматы облысында ауылға барып, еңбек етіп жүрген жастар көп.

Мәселен, Балқаш ауданында тұрақты жұмысқа орналасқан жас мамандар баспаналы болып жатыр.

Айдана Жақсылық ағылшын тілі пәнінің мұғалімі. Алматыдағы жоғары оқу орнын тәмамдаған соң Ақдала ауылындағы мектепке жұмысқа орналасты. Жас ұстаз оқушылардың білімді, зерек болуын қалайды. Өзі де үнемі ізденіп, жаңа әдістемерді оқудан жалықпайды. Ұстаздықты ұлы қызмет деп біледі.

Айдана Жақсылық, жас маман:

- Мұғалім мәртебесі көтеріліп жатыр. Жыл сайын 25% жалақыға қосылып жатыр. Көптеген бағдарламалар бар мұғалімдерге.

Мектеп ұстаздарының 80 %-ы жас мамандар. Соңғы бес жылда Ақдала орта мектебіне 13 жас маман келген. Оларға бір реттік көтерме жәрдемақы және баспана берілген.

Айдана Жақсылық, жас маман:

- «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен берілді жас мамандарға. Ауылдың әлеуетін көтері үшін, жастарды тарту үшін сондай мақсатта беріледі деп ойлаймын. Және ауылдағы жас отбасылардың тұрақтап қалуына тиімді бағдарлама деп ойлаймын.

Cоңғы екі жылда «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен  Балқаш ауданына  100 жас маман барып, жұмысқа тұрды. Бұдан бөлек «Жұмыспен қамту» орталығы арқылы еңбек етіп жатқандар да бар.

Сағи Бейсенбек, Балқаш аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры:

- Алғашқы жұмыс орнына он бес адам, «Ұрпақтар келісімшарты» деген жобаға үш адам, қоғамдық жұмысқа 251 адам жұмыспен қамтылып жатыр.

«Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы арқылы былтыр Алматы облысында елді мекендеріне мыңнан астам оқу бітірген жас барды. Олар негізінен білім беру, денсаулық сақтау және ветеренария саласы бойынша  жұмыс істеп жатыр.

Алмас Садуақас, Аят Дүйсембаев