Алматыда қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар сотталды

Алматыда қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар сотталды

Қаржы пирамидасының 15 ұйымдастырушысы сотталды.

Олардың бас кеңсесі Алматы қаласында орналасқан, сондай-ақ өңірлерде 12 филиал жұмыс істепті. Ақша салып, пайдаға кенелесің деген желеуге еріп, 1345 адам алданған. Келтірілген шығын көлемі 6 млрд теңгеден асады. Бостандық аудандық сотының шешімімен 15 адам, 6-дан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.