Жетісу облысында жолда қалған 36 адам құтқарылды

Жетісу облысына қарасты «Үшарал-Достық» бағытында жол ашылып, көлік қозғалысы қалпына келтірілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кеше түнде өңірлік ТЖД мамандары қарлы боран құрсауында қалған 2 жолаушыны құтқарып, діттеген жеріне шығарып салды. Автомагистральдің аталған бөлігі еліміздегі ең қауіпті аймақтардың қатарына жатады. Себебі Ырғайты асуында секундына 30 метр жылдамдықпен жел соғатын жағдайлар жиі болады. Сондықтан ауа райы бұзылғанда көлік қатынасына шектеу қойылады. Қыс басталғалы «Үшарал-Достық» бағыты 10 рет жабылды. 

Қуаныш Рақатаев, Алакөл аудандық ТЖБ бастығының міндетін атқарушы: 

- Қар құрсауында қалған автокөліктер адамдарды құтқару үшін 24 жедел шығулар ұйымдастырылған болатын. Жедел құтқару жұмыстары кезінде 36 адам құтқарылды.