Алматыда ерлі-зайыптылар өз баласын сатпақ болған

Алматыда ерлі-зайыптылар жаңа туған сәбиін 2 млн теңгеге сатпақшы болған. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

25 жастағы Б есімді әйел мен 32 жастағы күйеуі ұсталды. Әйелі перзетханадан шыға салысымен, бірден мәміле жасауға барған. Олар ұлын 2 млн теңгеге бағалаған. Күдікті отбасы «болашақ ата-ананы» алдын ала іздеген. Нәрестені сатудан түскен ақша айыпталушыларды ұстау кезінде тәркіленді. Қазір қылмыстық іс қозғалды.

Күдікті:

- Мен өзімде 2 балам бар. Үшінші баламды бұл кісілер бала көтермегендіктен, құрсақ көтермегендіктен беруге тура келді.