Жыл басынан бері елде 16 адам газдан уланып көз жұмды

Ал 28 тұрғын ауруханаға түсті. Мұның бәрі қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамаудың салдары.

Қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін құтқарушылар, жер үйлерді аралап, сақтық шараларын түсіндіріп жүр. Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері былтыр тамыз айынан бері 7 мыңнан астам үйді аралап, ережені бұзған 5 жарым мың жағдай тіркеді. Бүгін инженерлер Ахмет Байтұрсынов көшесі бойында орналасқан саяжайларды қарап шықты. Тұрғындармен кездесіп, үйдің пештері мен мұржаларын тексерді.

Әбіш Біржанов, қалалық ТЖД Алматы ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері:

- Істен шыққан электр қондырғыларды қолданады. Ол да өртке әкелуі мүмкін. Жылыту пештеріне келетін болсақ, қысқа көп кездесетін жайт ол ақаулы пештер өртке әкелуі мүмкін және мұржалар уақтылы тазаланбағандықтан бітеліп, түтін үйге кіріп, адамдар улануы мүмкін.