Шымкентте 183 мектеп санитарлық талаптарды бұзған

Шымкенттегі мектептерде санитарлық талаптар сақталмаған.

183 білім ошағында жүргізілген жыл сайынғы тексеру нәтижесінде осындай олқылық анықталды. Ескертуді елемегендерге айыппұл салынып, бюджетке 33 миллион теңге төленді. Білім ошақтарында тазалық жұмыстары жүргізілмеген. Оқу жиһаздарының жай-күйі де көңіл көншітпейді. Тіпті кей мектепте шамдар уақытылы ауыстырылмапты. Қазір барлық заңбұзушылық қалпына келтірілген.

Алдарқұл Ахметов, қалалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:

- Мектептерде тазалық сақталмаған, дезинфекция жұмыстары да жүргізілмепті. Бұл олқылықтар қайта ретке келтірілді. Департамент мамандары былтыр қала тұрғындарының өтініштеріне байланысты мектептерге жоспардан тыс 54 тексеру жүргізді.