Өңірлердегі жылу электр орталықтары күрделі жөндеуден өтеді

Қазір бұл нысандардың барлығы тексеріліп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соның нәтижесі бойынша дереу шешілуі тиіс мәселелер тізімі әзірленеді. Аудитке кіріскен комиссия жұмысының қорытындысы бойынша Қазақстанда 19 жылу орталығының тозығы жеткен. Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр осылай деді. Ең алдымен мұндай жұмыстар Павлодар мен Екібастұз қалаларында бастау алады. Ал Көкшетау мен Семейде жаңа жылу орталықтарын салу көзделген. Қалған өңірлер де назардан тыс қалмайды.

Роман Скляр, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары:

- Былтыр осындай стансалар салу бойынша аукциондар өткізілді. 2026 жылға қарай Алматы, Қызылорда, Ұлытау, обьлысытарында 1700 МВт икемді генерация көздері пайда болады. Сонымен қатар 1300 МВт-тан астам қосымша қуатпен жұмыс істеп тұрған элеткр стансаларын жаңғырту бойынша инвестициялық келісімдер жасалады.