Ақмола облысында банкроттық туралы заңның тиімді тұстары айтылды

Ақмола облысында 32 мың азаматтың банкке берешегі бар. Қарызға батқандарды банкроттық заң құтқаруы мүмкін. Аймақ тұрғындарымен кездескен Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері осылай дейді.

Кездесуде сала мамандары тиісті заңның тиімділігін түсіндірді. Жаңа заңда рәсімнің 3 түрі қарастырылатыны айтылды. Әр бағыт бойынша халыққа нақты ақпарат берілді. Заң күшіне 3 наурыздан бастап енеді. Әзірге аймақтарда ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр. 

Айбол Аманов, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті басқарма басшысының орынбасары:

- Қазіргі күні халық арасында заңды қарапайым тілмен жеткізу. Өйткені халық арасында қате пікір қалыптасып жатыр. Әлеуметтік желілерде халықты адастыру деректері, алаяқтық көп орын алуына байланысты халық арасына түсіп, заңды жан-жақты жеткізу. Яғни, бүгінде желілерде қарыздарыңызды жойып береміз деген жалған ақпараттар көбейді.