Өскемендік кәсіпкер мемлекеттік тапсырыс талабын орындамаған

Өскемендік кәсіпкер жылу желілерін жөндеу кезінде жаңа құбырлардың орнына ескісін салмақ болған.

Бұл қылмысты экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері ашты. Мердігер жобалық құжаттамаларда жаңа жабдық алатынын көрсеткен. Алайда, талапты орындамаған. Бірақ мемлекеттік тапсырыстан 100 млн. теңгені қалтасына басқан. Кәсіпкердің  кінәсі толық дәлелденіп, үш жылға сотталды. Жымқырған қаражат мемлекетке қайтарылды. Сондай-ақ, желіге жаңа құбырлар тартылды.

Ернар Талғат, ШҚО Экономикалық тергеу департаментінің тергеушісі:

- Тергеу амалдарына металлография саласының мамандары жұмылдырылды. Арнайы құралдардың көмегімен ескі құбырлардың орнатылғаны дәлелденді. Сонымен қатар, құбырлардың ішінде мұнай және күкірт қалдықтары табылды.