Шымкентте қаржы пирамидасын ұйымдастырушы сотталды

Шымкентте қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы сот үкімімен 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тергеу барысында «GAP» пирамидасы салымшыларының 240 мың теңгеден жарна жинап, ай сайын 75 мың теңге қаражат төлеу туралы келісім жасасқаны белгілі болды. Айыпталушы азамат оларға тұрғын үй немесе автокөлік сатып алуға көмектесетінін айтып сендіріпті. Алайда салымшылар құрғақ уәдеге сеніп, ақшасынан қағылды.

Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:

- ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаментіне жүгінген 33 азаматқа келтірілген шығын көлемі 77 млн теңгеден асты. Сот үкімімен ұйымдастырушы кінәлі деп танылып, ол 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды.