СҚО-да 22 ауылға ауызсу тартылады

Биыл Солтүстік Қазақстан облысындағы ауылдарды таза ауыз сумен қамту үшін 10 миллиард теңге бөлінеді. 

22 елді мекенге сапалы су келеді деп жоспарланып отыр. Бұл ауылдарда шамамен 16 мыңнан астам адам тұрады. Жоба аясында жалпы ұзындығы 250 шақырымдық су құбыры жаңартылады. Бүгінде аймақта 415 елді мекен орталықтандырылған сумен қамту жүйесіне қосылған.

Павел Шилов, облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы бастығының м.а:

- Өңірде барлығы он алты жоба жүзеге асады. Оның 10-ы былтыр қолға алынып, биыл да жалғасады. Алты жаңа жобаның төртеуі бойынша мердігерлермен келісім шарт жасалды. Қалғандары наурыз айына дейін анықталады. Қазіргі таңда  облыста 220 ауыл әлі күнге дейін орталықтандырылған су жүйесіне қосылмаған. Бұл шаруалар Тайынша және Шал ақын аудандарында баяу жүріп жатыр.