Ақтауда дәрігерлер 18 жастағы жігіттің өмірін сақтап қалды

Ақтаулық кардиохирургтар 18 жастағы науқастың өмірін сақтап қалды. 

Бейнеу ауылының тұрғыны облыстық көпбейінді ауруханаға ауыр жағдайда санавициямен жеткізілген. Компьютерлік томографияға түсірген дәрігерлердің айтуынша, жүректен шығатын ірі қан тамыры жарылайын деп тұрған. Бұл, сирек кездесетін әрі тұқым қуалайтын сырқат екен. 4 сағатқа созылған күрделі операция сәтті аяқталды. Жансақтау бөлімінде 3 тәулік жатқан соң науқас медициналық оңалту палатасына ауыстырылды. 1 айдан кейін Астанаға екінші операцияға барып, кеуде қуысына аорталық стенд салынады.

Айта кетсек, биыл Ақтаудағы кардиоорталыққа 3 адам дәл осындай диагнозбен түскен.

Сейсенбек Жолдас, Бейнеу ауылының тұрғыны:

- Бас миы қысымымен ауырыппын 3 айлық кезімде. Соның белгілері ғой деп өзім ойлаймын. Ағаларға рахмет, алып қалды аман-сау. Аллағы шүкір, жақсымын. Барлығы қалпына келді.

Талғат Жакиев, кардиохирургиялық орталықтың меңгерушісі:

- Жүректен бастап аяғына дейін тамырдың өзі ажыраған. Тамырдың өзі 3 қабаттан болады. Ортаңғысы жетіспеушіліктен кеңейіп, содан диссекция болуы мүмкін. Операция барысында қолқа тамыры мен аорта клапанын ауыстырдық. Көп науқастар уақытында жетпейді. Қан қысымы үлкейген сайын жүректің жарылу қаупі үлкей береді.