Елордада Түркия елінен әкелінген тарихи құжаттар таныстырылды

Бүгін елордалықтар Түркияның Ыстамбұл қаласында жүргізілген археологиялық экспедиция кезінде, табылған тарихи құжаттармен танысуға мүмкіндік алды.

Оның ішінде бауырлас елде туып өскен қандасымыз ақын Зейнел Сүрмелінің еңбектері қалың жұртқа паш етілді. Бұл шара Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы ұйымдастырған конференция аясында болды. Жиында сондай-ақ "Архив-2025" жобасы шеңберінде атқарылған жұмыстардың нәтижелері таныстырылды. Жергілікті мамандар отандық және шетелдік мұрағаттардан, музейлерден, кітапханалар мен орталықтардан біздің мемлекетке қатысты тың деректерді іздестіріп, жинақтады.

Мұхамедқали Баймұханов "Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы"  РММ сарапшысы:

- Зейнел Сүрмелі деген кісі елге танытып жатқан жайымыз бар. Оның үлкен отаншылдығы, туған елін аңсап өткені, сол жолы өлеңдер жазғандығы, оның бәрі үлкен оқиға. Кейінгі ұрпаққа үлгі болар деп ойлаймыз. Бізде туған елі, туған Қазақстан білсін деп шығарып жатқан жайымыз бар.