loader


Ақмола облысында «Жер заң аясында» жобасы жүзеге асуда

Ақмола облысында игерілмеген жер көлемі 1 млн гектардан асады.

Осы мәселені шешу мақсатында аймақта «Жер заң аясында» атты жаңа жоба жүзеге асты. Бұл бастаманы облыстық прокуратура көтерген.  Жалпы былтыр заң өкілдерінің қадағалауымен 67 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Сондай-ақ, 200-ге жуық үлескердің құқығы қорғалған. Ал жер заңнамасын бұзған алты тұлғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Жаңа жоба аясында да осы жұмыстар жалғасады. Бүгінде облыс бойынша жайылым тапшылығы 400 мың гектарды құрайды.

Жандос Бердіқұлов, Ақмола облысы прокурорының орынбасары:

- Жерді мақсаты бойынша пайдаланбайтын тұлғалардан сұрау күшейтілетін болады. Өйткені, кейбір шаруаларда мыңдаған гектар жайылымдары бола тұра, жаятын малдары жоқ. Олардың көпшілігі, түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде, пайдаланбайтын жерлерді өз еріктерімен қайтарып жатыр.

Сондай-ақ...