Қорғаныс министрлігі мен дипломатиялық корпус өкілдері кездесті

Елордада Қорғаныс министрлігі мен Дипломатиялық корпус өкілдері кездесіп, әскери дипломатияның басым бағыттарын талқылады.

Жиында халықаралық ынтымақтастық пен Қазақстанның қарулы күштерін дамыту және мемлекеттің әскери қауіпсіздігін нығайту мәселесі көтерілді. Қазіргі таңда дипломаттар маңызды миссияны орындап, мемлекетіміздің түрлі бастамаларын жүзеге асыруға атсалысып жүр.