Абай облысында су тасқынынан зардап шеккен 21 адам материалдық көмек алды. Олар Бесқарағай, Жарма және Аягөз ауданының тұрғындары. Сонымен қатар төрт-түлік малы жоғалғандардан өтініш қабылдау жалғасып жатыр. Табиғи апат кезінде тұрғындардан 99 бас малдың жоғалғаны туралы өтінім келіп түскен. Әзірге оның 17-сі расталды. Дмитрий Гариков, облыс әкімінің орынбасары: - Қаражат «Ақ Ертіс» қорынан бөлінді. Материалдық өтемақы төтенше жағдай кезінде залалды өтеу ережелеріне сәйкес жүргізілді. Қандай залал келгені бағаланды. Содан кейін үйлерге техникалық тексеру жүргізіліп, оларды жөндеу үшін жобалық-сметалық құжат әзірленді. Үй иелеріне жалпы 29,3 миллион теңге берілді.