ШҚО-да қайтарымсыз грантқа 30 адам кәсіп ашты

Шығыс Қазақстан облысында биыл жастарға жеңілдетілген несие беру үшін 1 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінеді.

Яғни кәсібін дөңгелетем деген әр азаматтың жобасына 5 миллион теңге көлемінде қолдау көрсетіледі. Жылдық үстемақысы 2,5 процент қана. Бұнымен қоса ауыл тұрғындары қайтарымсыз грант алу мүмкіндігін де пайдалана алады. Мәселен өткен жылы Тарбағатай ауданында 30 адам осындай грантқа қол жеткізді. Жеке дара аудан болып қайта құрылған өңір үшін бұл үлкен жетістік. Өйткені әр грант иесі кәсіп ашып, өздерін де, ауылдастарын да жұмыспен қамтып отыр. Тіпті арасында 500 мың теңгені іске жаратып отырғандар бар. Солардың бірі - ақжарлық Айбек Қалиев. Берілген қаржыға ол қаз өсіруді жөн көріпті. Енді инкубатор сатып алмақшы.

Айбек Қалиев, Ақжар ауылының тұрғыны:

- Инкубатор арқылы. Селекция жасап. Неліктен өйткені бізге үй қазына қарағанда осы қаздар тиімді болдады. Бір жағынан салмағы да жақсы. Жұмыртқаны да көбірек береді. Үй қазы 10-15-ақ жұмыртқа шығарады. Ал бұлар алды 55-60 жұмыртқаға дейін табады.