«Хабар 24» арнасының тілшілері алғыс айту челленджін қолдады

Бүгін қазақстандықтар үшін жақындарына, туыстары және жора-жолдастарына алғыс айтуға жақсы мүмкіндік бар. Осы орайда бүкіл ел бойынша арнайы челлендж бастау алды. Біздің арнаның тілшілері де бұл шарадан қапы қалған жоқ.

Дариға Ташенова, «Хабар 24» арнасының тілшісі:

- Бүгінгі мереке күні біздің арнамыздың қызметкерлері де жарияланған челленджді қолдап, өз жақындарына алғыс айтуды жөн көрді.

Қазақстандықтар арасында бір-біріне алғыс айту жақсы дәстүрге айналып келе жатыр. Бүгінгі челлендж де – соның айқын көрінісі. Енді біз осы керемет бастаманы телевизия саласындағы барлық әріптесімізге жолдаймыз.