«Қазақ радиосы» «Мың алғыс» атты марафон өткізіп жатыр

10 сағат бойы тікелей эфирде радиомарафон! 1 наурызға орай «Қазақ радиосы» «Мың алғыс» атты марафон өткізіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл осымен 5-ші мәрте ұйымдастырылып отыр. Бұған дейінгі 4 марафонда жалпы құны 255 млн теңгеден артық қаржы жиналып, ол мұқтаж жандардың баспана алуына және сәбилердің еміне жұмсалған еді. Бұл жолы өзгеше. Ақша жиналмайды. Еңбек адамдарына басымдық беріледі. Яғни, соларға алғыс айтылады. 09:00-ден 20:00-ге дейін өтетін «Мың алғыс» радиомарафонына жақсылық жасап, алғысқа бөленген кейіпкерлер мен ерекше кәсіп иелері, құтқарушылар, спорт саңлақтары мен өнер адамдары және радиотыңдаушылар қатысады.

Ернұр Бурахан, «Қазақ радиолары» ЖШС бас директоры:

- Биыл біз 10 сағат бойы әр мамандықтың өкілдеріне, 2020 жылы, мысалы, дәрігерлерге, жеткізушілерге ерекше алғыс айтқан болсақ, биыл құтқарушыларға ерекше алғыс айтып отырмыз. Одан да бөлек, марафонды мамандық иелеріне алғыс айтуға арнап отырмыз.