Оралда Алғыс айту күнінде сауапты іс жасалды

Оралда Алғыс айту күнінде сауапты іс жасалды

Ассамблея жанындағы этномәдени бірлестіктер "Қайырымдылық керуені" жобасын жалғастырып, әлеуметтік осал топтар санатындағы 100-ден астам отбасыға азық-түлік таратып жатыр.

Оларға ерікті жастар да қол ұшын созуда. Мейірім марафонын меценаттар қаржыландырған. Аймақта 80-нен аса ұлт өкілдері тұрады. Ассамблея жанынан 16 этномәдени бірлестік құрылған. Олар қоғамдық-мәдени шараларда белсенділік танытып келеді.

Медхат Қамбетов, БҚО әкімі аппаратының "Қоғамдық келісім" КММ басшысы:

- Орал қаласының мүмкіндігі шектеулі жандары, аз қамтылған отбасыларға, сонымен қоса Дариян ауылы, Теректі ауданында жалғасын табатын болады. Сауда орталықтарына этномәдени бірлестік өкілдері бауырсақ таратуға бара жатыр.