Ақтөбеде қозғалыс қиындады. LIVE

Ақтөбеде күн райы жылуымен бірге бірнеше күн жауын-шашын тоқтамай тұр. Салдарынан қала көшелерін еріген қар суы басты. Қозғалыстың қиындауына байланысты көлік кептелісі де жүргізушілердің әбігерін қашырған.

Мансұр Есқожин, тілші:

- Көктем келе Ақтөбе көшелерін су басуы соңғы жылдары қалыпты жағдайға айналып барады. Бірнеше күн жауған қар-аралас жаңбыр жағдайды тіпті қиындатып тұр. Әдетте жол бойында жиналатын топан су жаяу жүргіншілер тротуары мен аялдамаларды да басқан. Сондықтан қоғамдық көлік қатынасына да кедергі бар. Бұл жайтты пайдаланған такси қызметтері жол ақысын шарықтатып жіберіпті. Коммуналдық мекемелер үшінші тәулік бойы үздіксіз жұмыс істеп жатыр. Кешелі бері 2,5 мың текше метр су сорғыланған. Бұл туралы қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісі баяндап берген болатын.

Серік Дәулетов, қалалық ТҮКШ бөлімінің сектор меңгерушісі:

- Қазіргі уақытта 89 асс-машинамыз жұмыс жасап жатыр қала аумағында. Оның ішінде 50 машина қала көшелерінен, орталық көшелерінен. 39 асс-машинамыз су тасқынына қарсы штабтың өтініштеріне сәйкес жұмыс жасап жатыр. Қазір қосымша техниканы 110-120-ға дейін көтеру жоспарланды. Нақты тапсырмалар берілді. Осы бағытта жұмыстар жалғасатын болады.

Мансұр Есқожин, тілші:

- Жыл басынан бері су басу қауіпі бар шағын аудандардан 185 мың текше метр қар шығарылған. Жалпы, көктемгі тасқынға қарсы іс-шараларға қала бюджетінен 300 млн теңге бөлініпті. Мамандар қажетті инертті материалдар мен жанармай қоры жинақталды дейді. Арнайы штаб құрылды. Қаладағы коммуналдық қызмет пен жедел көмек көрсету жұмыстары бір орталықтан басқарылатын болады. Топан су басу қауіпі туған жағдайда дәл қазір экранда көрсетілген нөмірге хабарласуға болады.