Гүлмира Сатыбалдының ісі бойынша алдын ала тыңдау басталды

Астана қаласы Байқоңыр аудандық сотында Гүлмира Сатыбалдының ісі бойынша алдын ала тыңдау басталды.

Оның қорғаушылары бұлтартпау шарасын, үй қамаққа өзгертуді сұрады. Дегенмен, мемлекеттік айып-таушы Альмира Қожахметова, Гүлмира Сатыбалдының сотқа дейінгі іс жүргізу барысында шекара асуға тырысқанын жариялады. Осылайша, бұлтартпау шарасын қайта қарауға негіз жоғын жеткізді. Айыпталушылар қатарында Мәди Батыршаев пен Рашид Өтебеков те бар. Ал сот отырыстары Астана, Алматы және Қызылорда қалаларында өтеді. Гүлмира Сатыбалды кәсіпорындардың қатысу үлесін, заңсыз иемдену және адам ұрлау фактілері бойынша айыпталып отыр.