Қостанай облысында ауаға тарайтын өнеркәсіп қалдықтары артты

Қостанайлық кәсіпорындардың өндіріс қуаты артқан сайын ауаға таралатын зиянды заттар да ұлғайып барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Былтыр қоршаған ортаны ластаған табиғат пайдаланушыларына 25 млн теңге айыппұл салынды. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда екі есе жоғары. Мәселен, Жітіқара ауданындағы алтын өндіруші компания ең көп мөлшердегі 7 млн теңге айыппұлды арқалады. Қазір рұқсатсыз ауаға қауіпті қалдықтар шығарған кәсіпорынның жұмысы заң жүзінде уақытша тоқтатылды. Тұтастай алғанда заңбұзушылықтың дені ауаны нормадан тыс ластауға қатысты.

Су сапасы да үнемі бақылауда. Мысалы, Тобыл өзенінде жүргізілетін химиялық талдаулардың нәтижесін ойдағыдай деп айту әлі ерте, - дейді экологтар.

Зиада Бисахалова, Экология департаментінің бөлім басшысы:

- Құрамындағы химиялық заттардың көбеюі сапасында бар. Ол өзінің табиғи маңызына байланысты. Тобыл өзені бір жерде тұрмайды ғой. Ағып тұрады. Ол өзгеруі мүмкін. Бүгін оның сапасына талдау жүргізсек, сапасы көтеріңкі болса, келесі күні алатын болсақ, төмендеу болуы мүмкін.