Ауа райы: үш айлық болжам

Синоптиктердің айтуынша, көктемде ауа райы тосын мінез танытпайды.

Наурызда республиканың басым бөлігінде ауаның орташа температурасы нормадан 1 градус жоғары болады. Жауын-шашын да – көпжылдық көрсеткіш шамасында. Тек 7 облыста ылғал тиісті мөлшерден көп түсуі мүмкін деген болжам бар. Ал сәуір жылы болады деп күтіліп отыр. Еліміздің оңтүстік, оңтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс бөлігінде ауа температурасы нормаға сай, Басқа аймақтарда 1 градусқа жоғары. Мамырда ауа-райы бірқалыпты болады. Бұл айда республиканың басым бөлігінде ылғал түсімі нормадан төмен болуы ықтимал.