ШҚО-да мұз жару жұмыстары жалғасып жатыр

Шығыс Қазақстан облысында бірнеше өзеннің арнасына мұз кептеліп, су тасқыны болуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Зерделеу, барлау жұмыстары кезінде Ертіс, Үлбі, Бұқтырма және Күршім өзендерінің бойында осындай 16 қауіпті жер анықталды. Әсіресе Шемонайха ауданында жағдай күрделі. Қазір мамандар алдын алу жұмыстарын күшейтті. Уба өзеніне жақын орналасқан бірнеше елді мекеннің төңірегінде мұз жару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аймақта күн жылымай тұрып 125 мың шаршы метр мұз жару көзделіп отыр. 2 мыңға жуық құтқарушы қажетті техника мен құрал-жабдықтарын әзірлеп дайын тұр.